AutoCall.kz үшін клиенттеріміздің де, олардың қоңырауын қабылдайтын адамдардың да жайы маңызды. Қажетсіз қоңыраулар адамдарды мазаламауы үшін қолдан келген шараны жасаймыз.
Бұл үшін нақты не істейміз?
- Аудиожазбаларды тексеру. Жазба ҚР «Жарнама туралы» Заңына сай болуы және азаматтардың ар-намысына тимеуі керек. Әр файлды осы талаптар бойынша тексереміз.
- Қоңырау кестесі. Клиент қоңырау уақытын науқан жасағанда таңдайды. Модератор түнгі жарнамалық қоңырауларға рұқсат бермейді. Түнде тек жұмысы соны қажет ететін қызметтер хабарласады. Мысалы, такси, жеткізу қызметі немесе растау кодын жіберетін сервис.
- Қоңырау санына шектеу. Бір науқанда бір нөмірге төрт реттен артық қоңырау шалуға болмайды.
- Қоңыраулар арасындағы уақыт. Бір нөмірге қайта қоңырау шалу үшін кемінде 3 минут күтеміз.
- Қайталанған нөмірлер. Клиенттер жүктеген тізімде бір нөмір бірнеше рет кездессе, артығын өшіреміз.
- Сынақ қоңырауларына шектеу. Басты беттен бір нөмірге күніне тек 1 рет сынақ қоңырауын шалуға болады. Бір адам сынақ қоңырауына ең көбі 3 сұрау жібере алады.
Осы шаралардың бәріне қарамастан сізге спам қоңыраулар немесе SMS келсе не сіз нөміріңізді бермеген және хабарлауға рұқсат етпеген адал емес ұйым қоңырау шалып, жазып жүрсе, нөміріңізді енгізіп, оны WhatsApp немесе SMS кодымен растаңыз және мәселені сипаттаңыз.
Бұл ұйымға сізге қоңырау шалуға және хабарлама жіберуге МӘҢГІЛІК ТЫЙЫМ САЛАМЫЗ.