Қазақстанда әзірленген

Автоматты қоңырау шалу, ЖИ-агенттер және дауыстық хабарлама тарату

Қарапайым. Жылдам. Сенімді.

Дауыстық ЖИ-агент, автоматты қоңыраулар, SMS және растау кодтары бір платформада. Қоңырау ақысын секундына қарай төлейсіз. API бар.

Тегін қолданып көру →
  • Ақы әр секундқа есептеледі
  • REST API және вебхуктар
  • Абоненттік төлемсіз
Айя · ЖИ-агент Клиника → +7 701 *** 45 67
Қоңырау жалғасып жатыр · 00:42
АгентСәлеметсіз бе, Айгерім! Ертең сағат 14:00-де дәрігердің қабылдауына жазылғансыз. Келетініңізді растайсыз ба?
АбонентИә, бірақ сағат 15:00-ге ауыстыра аласыз ба?
АгентӘрине, сағат 15:00-ге ауыстырдым. Мекенжайды SMS арқылы жіберемін.
Қабылдау уақыты кестеде 15:00-ге ауыстырылды
Клиниканың мекенжайы SMS арқылы жіберілді
ЖИ-агент пен клиника пациентінің қоңыраудағы әңгімесі

Клиенттеріміздің қатарында

  • Rixos Borovoe
  • Транстелеком
  • nFactorial
  • Region
  • Qalan
  • iClinic
  • KazWaste
  • 1MEDTV
  • Alcor
  • DataBoom
  • Mashinki.kz
  • Keratin Prof
  • Sistema Promo
  • Ceramo Stone Group
  • Intellect
  • Zero Gravity
  • Doromarine
  • Cargo Trucking
  • 1000 Batyr
  • English Joy
  • Inject Clinic
  • OQU
  • Seed School
  • Центр инновационной безопасности
  • Repair & Service
  • Nemo.kz
  • BI Group
  • Siberian Wellness
  • Anytime
  • Умскул
  • Jana Post
  • Attractor School
  • Aigerim Clinic
  • Центр развития предпринимателей
  • Silent Soft
  • Baimly
  • POS Center
  • Traffic
  • SAV AI
  • Center AT
  • Qyzmet Sayahat
  • Sabaq Online
  • Machinery Logistics
  • Region10
  • Derby Football Academy
  • Empire Dental Clinic
  • Grace Gymnastics
  • Robotek
  • 125 High School
  • IT Generation
  • Diffuz
200–2100минутына қоңырау
50-ге дейінсекундына қоңырау
1 секАқы есептеу бірлігі
8 жылнарықта

Клиентпен байланысуға қажет құралдың бәрі

Қажетті құралдың бәрі бір платформада

ЖИ-агенттер

Дауыстық ЖИ оператордың орнына тәулік бойы, аптасына 7 күн сөйлеседі

Автоматты қоңырау шалу

Дауыстық хабарламалар мен IVR сценарийлері арқылы жаппай қоңырау шалу

Дауыстық хабарлама тарату

Тізімдегі адамдарға алдын ала жазылған немесе жүйе дауыстап оқыған хабарламаны жеткізу

SMS тарату

Мәтіндік хабарламаларды бөлек те, қоңыраулармен бірге де жіберуге болады

Сценарий құрастырғыш

Қоңырау сценарийінің көрнекі редакторы. Тармақтар, сөйлеуді тану және айнымалылар

Байланыс орталығы

Алдымен ЖИ-агент жауап береді. Операторлар топтары мен дауыстық мәзірді де қосуға болады

Виртуалды АТС

Ішкі нөмірлер, мәзір және сөйлесуді жазып алу. Қызметкерлер үшін қосымша ақы алынбайды

Өз АТС-іңіз

Өз нөміріңізден қоңырау шалғыңыз келсе, SIP-АТС-іңізді қосыңыз. Оны автоматты қоңыраулар да, ЖИ-агенттер де пайдалана алады.

Растау кодтары

Бірыңғай API: WhatsApp, Telegram, SMS және кіріс қоңырау

WhatsApp OTP

Кодты «Көшіру» батырмасымен көшіре аласыз. Тек жеткізілген кодтар үшін төлейсіз

Telegram OTP

Telegram-ның ресми боты кодты бірнеше секундта жібереді

Кіріс қоңырау арқылы растау (OTP)

Пайдаланушы өзі қоңырау шалады. Flash Call-ға заңды балама

ЖИ-агент

ЖИ-агент не істей алады?

Агент әңгіме үстінде SMS жібереді, қажет мәліметті базаңыздан тексереді және керек болса, клиентті операторға қосады.

  • Тікелей сөйлесу

    Агент сізді тыңдап, бірден жауап береді. Сөзін бөле аласыз.

  • Сөйлесіп жатқанда SMS жіберу

    Клиентпен сөйлесіп жатқанда мекенжайды, төлем сілтемесін немесе еске салатын хабарламаны жібереді.

  • Деректер базаңызға сұрау жіберу

    Тапсырыстың күйін немесе бос уақытты жүйеңізден тексеріп, сол деректерге сүйеніп жауап береді.

  • Операторға қосу

    Клиенттің сұрағы күрделі болса немесе ол маманмен сөйлескісі келсе, агент оны қызметкеріңізге қосады.

Қоңырау журналы Клиника · қабылдау туралы еске салу
  1. Қоңырау басталды+7 701 *** 45 67
  2. Клиника базасына сұрауЕртең сағат 14:00-ге жазылған қабылдау бар
  3. Қабылдау уақытын ауыстыруЖаңа уақыт: 15:00
  4. SMS жіберілдіКлиника мекенжайы және қабылдау уақыты
  5. Қоңырау аяқталдыҚорытынды мен айнымалылар CRM-ге жіберілді
ЖИ-агентсекундына 0.95 ₸-ден бастап
Агент бір қоңырауда не істей алады?

Айямен браузерде сөйлесіңіз

Тіркелу қажет емес. Батырманы басып, микрофонды пайдалануға рұқсат беріңіз.

Браузерде сөйлесесіз. Телефонға қоңырау шалудың қажеті жоқ.

Айя телефоныңызға қоңырау шалсын

Тегін, тіркелу қажет емес. Қоңыраудың қаншалықты тез қосылатынын және байланыс сапасын тексеріп көріңіз.

Тек Қазақстан нөмірлеріне қоңырау шаламыз.

Тарифтер

Тариф соңғы төлем сомасына қарай автоматты түрде таңдалады

BRONZE
кез келген төлем
0.83₸ секундына
≈ 49.8 ₸/мин
  • SMS 37.30 ₸
  • Сөйлеу синтезі 7.00 ₸
  • Сөйлеуді тану 9.00 ₸
  • Сөйлесу жазбасы 5.00 ₸
  • ЖИ-агент 1.65 ₸/сек
  • Кіріс қоңырау 10 ₸
Бастау
Танымал
SILVER
төлем 30 000 ₸-ден бастап
0.56₸ секундына
≈ 33.6 ₸/мин
  • SMS 23.25 ₸
  • Сөйлеу синтезі 5.00 ₸
  • Сөйлеуді тану 7.00 ₸
  • Сөйлесу жазбасы 3.00 ₸
  • ЖИ-агент 1.15 ₸/сек
  • Кіріс қоңырау 5.5 ₸
Бастау
GOLD
төлем 2 000 000 ₸-ден бастап
0.38₸ секундына
≈ 22.8 ₸/мин
  • SMS 18.95 ₸
  • Сөйлеу синтезі 3.00 ₸
  • Сөйлеуді тану 5.00 ₸
  • Сөйлесу жазбасы 0.50 ₸
  • ЖИ-агент 0.95 ₸/сек
  • Кіріс қоңырау 3 ₸
Бастау

Пайдаланушылар пікірлері

Клиенттер қолдау қызметіне не жазады

★★★★★
SMS жіберген кезбен салыстырғанда, шеберлік сабағына көбірек клиент келе бастады. Рақмет! Жандос пен Гүлжанға сәлем.
Иван
Иванkeratin-prof.kz
★★★★★
Тегін интеграцияға рақмет! Енді нысанда дабыл қосылса, бәріміз бірден хабардар боламыз. Телефондар тынымсыз шырылдайды. Қимыл датчиктері де жұмыс істейді!
БернарКүзет компаниясы
★★★★★
Сценарийлер керемет екен! Сөйлеуді тануды барлық тарифке қосыңыздаршы! Қазақ тілі қашан қосылады?
Асқар
АсқарTOO ABASK
★★★★☆
Әуелде сценарийлерді түсініп алу қиын болды. Нәтижесіне қатты риза болдым. Сценарий құруға нұсқаулық қосса, жақсы болар еді.
Гүлжан
ГүлжанИллюстратор
★★★★★
Шағын кеңес: 10–20 секундтық бір қоңырау бір SMS-тен екі есе арзанға түседі.
Санжар
СанжарVape.ru
★★★★★
Бұл сервисті көптен бері, ашылған кезінен бастап қолданып жүрген сияқтымын. Сатылымға жақсы әсерін көріп жүрмін. Дауыстық ЖИ-агенттерді алғашқылардың бірі болып сынап көруге мүмкіндік бергендеріңізге рақмет.
Алиба
АлибаКәсіпкер

AutoCall.kz артықшылықтары

Жұмыс шарттары мен сервис мүмкіндіктері

Артық төлемсіз жоғары жылдамдық

Жүйенің жүктемесіне қарай минутына 200–2100 қоңырау шаламыз. Алгоритм қысқа уақытта барынша көп адамға хабарласатындай бапталған.

Құпиялылық

Клиенттеріңіздің деректерін үшінші тұлғаларға бермейміз де, сатпаймыз да. Деректер базасын иесіне хабарламай пайдалануға тыйым салынған.

Шетелге қоңырау шалу

Контактілерге кез келген елдің нөмірлерін сақтай аласыз. Шетелге өз АТС-іңіз немесе транк арқылы қоңырау шалыңыз. Сценарийлер де, ЖИ-агент те Қазақстандағыдай жұмыс істейді.

Ай сайын ақы төлеудің қажеті жоқ

Тек қосылған қоңырауларға ақы төлейсіз. Ақы сөйлескен секундқа есептеледі. Бір нөмірге тәулік ішіндегі алғашқы қоңырауға қосымша ақы алынбайды. Сол тәулікте сол нөмірге қайта қоңырау шалу 0.15 ₸-ден басталады.

Кері қоңырау шалған клиенттерді тіркеу

Абонент өзі қайта қоңырау шалса, дауыстық хабарламаңызды міндетті түрде естиді. Ол қоңырау сіз үшін тегін.

Төлемнің бәрі көрсетіледі. Жасырын ақы жоқ

Баланстан ұсталған әр сома толық есепте көрсетіледі. Қоңыраулар аяқталған соң жұмсалмаған ақша балансқа қайтады.

Шектеусіз база

Қанша нөмірге қоңырау шалсаңыз да болады. Контактілер базасының көлеміне бағдарлама да, жабдық та шектеу қоймайды.

Жеке кеңістікті құрметтеу

Абоненттер хабарлама алудан кез келген уақытта бас тарта алады. Әр шағым үшін айыппұл қарастырылған. Осылайша спамға жол бермейміз.

Нөмір жалдаумен әуре болмайсыз

Бірнеше нөмірді кезектестіріп қоңырау шаламыз. Клиент өзіне қоңырау шалған нөмірге қайта хабарласса, жүйе оны таниды.

Қоңырау сценарийін өзіңіз құрастыра аласыз

Кез келген күрделіліктегі IVR сценарийін құрастырыңыз. Мәзір қосыңыз, жауапты тану мен айнымалыларды қолданыңыз, қоңырауды қызметкерге бағыттаңыз.

Тұрақты жаңартулар

Жобаны үнемі жетілдіріп отырамыз. Барлық жаңартуды мына беттен көре аласыз: Жаңартулар тарихы.

Қолдау қызметінің мамандары жауап береді

Telegram мен WhatsApp-та өзіміз жауап береміз. Өтінім ашып, кезек күтудің қажеті жоқ.

Байланыс

Telegram, WhatsApp немесе электрондық пошта арқылы жазыңыз. Өтінім ашпай-ақ, маманнан жауап аласыз.

Дәл қазір бастаңыз

Тіркелу тегін. Нөмірді растаған соң балансыңызға 100 ₸ түседі.

Тегін тіркелу →