Анықтама орталығы

Жиі қойылатын сұрақтар

Автоматты қоңырау шалу, SMS тарату, растау кодтары және ЖИ-агенттер туралы білуге қажеттінің бәрі

Автоматты қоңырау шалу деген не?

Жүйе тізімдегі клиенттерге өзі қоңырау шалады. Аудиожазбаны ойнатады немесе мәтінді дауыстап оқиды. Интерактивті сценарийде клиенттің қай батырманы басқанын тіркеп, сөзін тани алады. Қоңыраулардың нәтижесі есепте көрінеді. Нөмірлерді қолмен терудің қажеті жоқ.

Автоматты қоңырау шалу мен менеджерлердің өздері қоңырау шалуының айырмасы қандай?

Жүйе тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Бір уақытта жүздеген клиентке хабарласа алады. Мәтінді жаңылмай оқиды, шаршамайды. Бір қоңыраудың құны операторға қоңырау шалдырғаннан бірнеше есе арзан.

Дауыстық таратылымның автоматты қоңырау шалудан айырмашылығы неде?

Дауыстық хабарлама таратқанда жүйе абонентке еске салу, хабарландыру немесе акция туралы ақпаратты оқып береді. Интерактивті қоңырауда жүйе жауапқа қарай келесі қадамды таңдайды. Абонент батырма басып немесе дауыстап жауап бере алады. Екі тәсіл де AutoCall.kz-те бар.

Қазақстанда автоматты қоңырау шалу қанша тұрады?

Құны тариф пен қоңыраудың ұзақтығына байланысты. Тек қосылған шығыс қоңыраулардың секундтары үшін ақы алынады. Бастамас бұрын, шамамен кететін соманы баланста уақытша ұстаймыз. Ақы көбірек шықса, жетпеген соманы да уақытша ұстаймыз. Науқан біткенде нақты құнын алып, артығын балансқа қайтарамыз. Тарифтердің толық тізімі: https://autocall.kz/tarify.

Автоматты қоңырау шалуды тегін байқап көруге бола ма?

Иә. Тіркелгеннен кейін жеке кабинеттегі балансыңызға бонус түседі. Ақы төлеудің де, банк картасын қосудың да қажеті жоқ. Тіркеліп, қолданып көріңіз.

Қазақстанда қай операторлардың нөмірлеріне қоңырау шалуға болады?

Қазақстандағы барлық ұялы байланыс операторларының нөмірлеріне қоңырау шала аласыз: Kcell/Activ, Beeline/izi, Tele2, Altel. Қалалық нөмірлерге де хабарласуға болады.

Қоңырау шалатын нөмірлер тізімін қалай жүктеймін?

Жеке кабинетке нөмірлер жазылған Excel файлын жүктеңіз. Нөмірлерді Ctrl+C және Ctrl+V арқылы көшіріп қоюға да болады. Тізімнің жалпы көлеміне шектеу жоқ, қолмен 5000 нөмірге дейін енгізе аласыз. Тізім ұзын болса, Excel файлын импорттаңыз. Жүйе нөмір пішімін тексеріп, қайталанғандарын алып тастайды.

Алғашқы науқанды қаншалықты тез іске қосуға болады?

Тіркеліңіз, нөмірлер тізімін жүктеңіз, дауыстық хабарлама қосыңыз да, «Қоңырау науқанын жасау» батырмасын басыңыз. Бұған 3–5 минут кетеді.

Науқанға арналған дауысты тікелей сайтта жазуға бола ма?

Иә, дауысыңызды микрофон арқылы жеке кабинетте бірден жаза аласыз. Дайын MP3, WAV немесе OGG файлын жүктеуге де, мәтінді жүйеге дауыстап оқытуға да болады.

Дауысты жазу керек пе, әлде сөйлеу синтезін пайдалануға бола ма?

Мәтінді енгізіңіз. Жүйе оны өзі дауыстап оқып, хабарлама дайындайды. Өз даусыңыз қажет болса, дайын аудиофайлды жүктеңіз немесе микрофон арқылы браузерде жазып алыңыз.

Науқандарыңыздың жылдамдығы қандай? Секундына қанша қоңырау?

AutoCall.kz бір уақытта 2000-ға дейін қоңырау шала алады. Жүйеде жүктеме аз болса, 2000 нөмірге бір минутқа жетпей хабарласады. Жүктемеге қарай секундына 5-тен 50-ге дейін қоңырау шалынады.

Абонент қоңырауға жауап бермесе, не болады?

Абонент қоңырауға жауап бермей, тарифте белгіленген уақыт ішінде өзі қайта хабарласса, жүйе оны сол науқанға автоматты түрде қосады. Абонент аудиожазбаны тыңдайды немесе сценарийдегі қадамдардан өтеді. Мұндай кіріс қоңырау сіз үшін тегін. Есепте ол «Өзі қайта қоңырау шалды» деп белгіленеді. Пайдаланушыны қайта қоңырау шалуға итермелейтін қысқа «маяк» қоңырауларына тыйым салынған.

Автоматты қоңырауларды қай уақытта жасауға болады?

Науқанды құрғанда қоңырау шалатын уақытты Астана уақытымен белгілейсіз. Сол уақыт аяқталғанда жүйе тоқтап, келесі күні жалғастырады. Модератор әр науқанды тексереді. Түнде жарнамалық қоңырау шалуға рұқсат берілмейді.

AutoCall.kz тек ұялы нөмірлерге қоңырау шала ма, әлде қалалық нөмірлерге де ме?

Қазақстандағы кез келген ұялы және қалалық нөмірге хабарласа аласыз. Шетел нөмірлеріне өз АТС-іңіз немесе SIP-транк арқылы қоңырау шалыңыз.

Науқан құрғанда "Қарапайым" мен "Интерактивті" түрлерінің айырмашылығы неде?

Қарапайым науқанда жүйе қоңырау шалып, қажетті аудиожазбаны ойнатады. Интерактивті науқан — өзіңіз құрастырған сценарий бойынша жүретін қоңырау. Онда сөйлеуді тану, басылған пернелерді анықтау, веб-сұраулар жіберу және басқа мүмкіндіктер бар.

Қоңырау кезінде белгілі бір батырманы басқандарға немесе телефон көтермегендерге қосымша SMS жіберуге бола ма?

Иә. Сценарий құрастыру құралында қажет батырмаға «SMS жіберу» әрекетін тіркеңіз. Мысалы, абонент 1 санын басқанда SMS жіберуге болады. Немесе науқан құрғанда SMS кімге жіберілетінін таңдаңыз: жауап бергендерге, жауап бермегендерге немесе бәріне.

Мен белгілеген уақыт ішінде науқан аяқталып үлгермесе, не болады?

Мұндай жағдайда науқан "Күтуде" мәртебесімен кідіртіледі де, келесі күні сіз көрсеткен уақытта жұмысын жалғастырады.

Науқанның/дауыстық таратылымның нәтижелерін қалай қадағалауға болады?

Жеке кабинетте статистика қоңыраулар жүріп жатқанда жаңарып отырады. Науқан біткен соң толық есептен кімге қоңырау қосылғанын, кім жауап бермегенін, кім қайта хабарласқанын және кім батырма басқанын көресіз. Есепті Excel форматына шығарып алуға болады.

Неліктен науқан орындалмай, 67% күйінде тұрып қалды?

Себебі сіз қоңырау уақыты параметріне 18:55 пен 19:00 аралығын (5 минут) көрсеткенсіз. Науқан жылдамдығы жоғары болса да - үлкен клиенттік базаға (10000 нөмірден астам) 5 минутта қоңырау шалып үлгеру мүмкін емес. Қоңырау уақытын кемінде 20 минутқа ұзартуды ұсынамыз.

Неліктен науқан тоқтатылып, іске қосылмай тұр. Мәртебесі "Тыйым салынған".

Науқанның Пайдаланушы келісімінің ережелерін және ҚР заңнамасын бұзбайтынына көз жеткізіңіз.

Сөйлесулерді жазуды не үшін қосу керек?

Сөйлесу жазбалары қоңырау сценарийінің қалай жұмыс істейтінін түсінуге көмектеседі. Әңгіме ойдағыдай өтпесе, жазбаны тыңдап, сценарийді жақсартуға болады.

Сөйлесу жазбалары қанша уақыт сақталады?

Сөйлесу жазбалары 90 күн сақталады.

Кейде науқандарда бір қоңырау үшін "Сөйлеуді тану" ақысы бірнеше рет алынады. Неге?

Шығыс қоңыраудың секундтарына қоса, жүйе сөйлеуді танудың әр сеансы үшін ақы алады. Бір қоңырауда 3 сеанс болса — олардың әрқайсысы үшін бөлек ақы алынады.

Менің сценарийім өте күрделі. Оны мен үшін жасап бере аласыздар ма?

Өкінішке қарай, жоқ. Сценарийді құрастырғышта өзіңіз жасауыңыз керек. Міндет күрделі болса, ЖИ-агентті пайдаланған дұрыс.

Барлық жоспарланған тапсырмаларымыз CRM жүйесінде. Олар туралы қызметкерлер мен клиенттерге бір сағат бұрын хабарлауымыз керек. Бұл мүмкін бе?

Иә. Мұны API интеграциясы арқылы оңай жүзеге асыра аласыз. Әзірлеушілеріңізге API құжаттамасының сілтемесін беріңіз.

Сізде стоп-тізім бар ма? Базадағы кейбір клиенттер қоңырау алғысы келмейді.

Иә, бар, бірақ жұмыс принципі сәл басқаша. Клиентіңіз нөмірге қайта шалып, IVR мәзірі арқылы хабарласа, сізге өзіне қоңырау шалуға өзі тыйым сала алады. Ал ол сізге тікелей жүгінсе, оны сайттағы базадан өшіре салсаңыз болғаны.

Менің науқаным модерациядан үнемі өтпейді. Неге?

Науқаныңыздың Пайдаланушы келісімінің ережелерін, ҚР заңнамасын бұзбайтынына және мағыналы екеніне көз жеткізіңіз.

Автоматты қоңырауларды модерациялау қанша уақыт алады?

Тексеру 15 минутқа дейін созылады. Жаңа тіркелгілердің науқандарын модератор қарайды. Ұқсас науқанды қайталап жіберсеңіз, ЖИ оны бір секундқа жеткізбей тексереді.

SMS тарату деген не?

SMS тарату арқылы көптеген клиентке бірден мәтіндік хабарлама жібере аласыз. Мысалы, акция туралы хабарлауға, қабылдау уақытын еске салуға немесе тапсырысты растауға болады.

Қазақстанда SMS тарату қанша тұрады?

Баға тарифке және мәтіннің ұзындығына байланысты. Балансты қажетті сомаға толтырсаңыз, тариф өзі қосылады. Алғашқы SMS таратуға арналған бонус тіркелгеннен кейін беріледі. Тарифтер туралы толық мәліметті тарифтер бетінен көре аласыз.

SMS қай нөмірлерге жіберуге болады?

SMS тек Қазақстанның ұялы нөмірлеріне жіберіледі. Қалалық және шетел нөмірлеріне жіберу мүмкіндігі жоқ.

Қысқа және ұзын SMS деген не?

Бір SMS-ке латын әліпбиімен 160 таңба немесе кирилл әліпбиімен 70 таңба сыяды. Мәтін ұзын болса, бірнеше бөлікке бөлінеді. Ақы сол бөліктердің санына қарай есептеледі.

Автоматты қоңыраумен бірге SMS жіберуге бола ма?

Иә, бұл AutoCall.kz-тің негізгі мүмкіндіктерінің бірі. Науқан жасағанда SMS кімге баруы керегін белгілеңіз. Оны жауап бергендерге, жауап бермегендерге немесе барлық адамға жіберуге болады.

Қоңырауға жауап бермегендерге ғана SMS қалай жіберуге болады?

Науқан құрғанда SMS баптауларында «Жауап бермесе SMS жіберу» шартын таңдаңыз. Жүйе қоңырауы жетпеген барлық адамға хабарламаны автоматты түрде жібереді.

SMS мәтініне сілтеме қосуға бола ма?

Иә. SMS мәтініне кез келген сілтемені қоюға болады — сайтқа, каталогқа, акция бетіне немесе жазылу формасына. Сілтеме қарапайым мәтін ретінде жіберіледі.

SMS қаншалықты тез жетеді?

Алушының телефоны желіге қосулы болса, SMS бірнеше секундта жетеді. Телефон өшірулі немесе байланыс аясынан тыс болса, оператор белгіленген уақыт ішінде SMS-ті қайта жеткізіп көреді.

SMS таратудың дауыстық науқаннан айырмашылығы неде?

SMS телефонда сақталады. Клиент оны кейін де оқи алады. Қоңырауда айтылған хабарды қабылдау оңай, оған назар аудармай өту қиынырақ. Екі тәсілді бірге қолдануға болады: алдымен қоңырау шалып, жауап бермегендерге SMS жіберіңіз.

Неліктен SMS тарату науқанын құрғанда сайт құнын көбірек көрсетеді?

Себебі мәтін SMS стандартының шегінен асып кетеді. Бір SMS хабарламаға латынша 160 таңба, кириллицамен — 70 таңба сыяды. Осы шектен асса, сіз бір емес, екі не үш SMS жібересіз.

Халықаралық SMS жіберуге бола ма?

Халықаралық жөнелтілімдерге ұялы байланыс операторларының жеке тарифтері, шарттары мен шектеулері қолданылады. Компанияңызға қатысты толығырақ ақпарат алу үшін техникалық қолдауға жүгініңіз.

20 000 нөмірге SMS тарату науқанын іске қостым, бірақ мәртебесі әлі де «Орындалуда». Неге?

Бәрі дұрыс — SMS жіберіліп қойған. Жүйе операторлардан жеткізу туралы есептерді бірден алмайды. Нөмірлердің көбінде мәртебе «Жеткізілді» немесе «Жеткізу мүмкін емес» болады. «Жіберілді» мәртебесіндегі нөмірлерді жүйе бір сағат ішінде нақтылайды. Осы уақытта жауап келмесе — мұндай нөмірлер «Белгісіз» мәртебесін алады, ал таратылым «Аяқталды» күйіне өтеді.

Неліктен .org немесе .com доменді сілтемені жібере алмаймын?

Ұялы байланыс операторлары .kz емес домен аймақтарындағы сілтемелері бар SMS хабарламаларды сүзгіден өткізеді — мұндай хабарламалар абонентке жетпеуі мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін сілтемелерді автоматты түрде қысқартып, .kz аймағына ауыстыруды қостық.

SMS мәртебесі — «Жеткізілді», бірақ хабарлама келмеді. Неге?

Телефон баптауларын тексеріп көріңіз. Қытайлық өндірушілердің кейбір құрылғыларында, мысалы Redmi мен Honor-да, SMS сүзгісі әдепкіде қосулы тұрады. Сонда тек контактілер тізіміндегі нөмірлерден келген SMS көрінеді.

Таратылымым бұғатталды. Себебі неде?

Егер SMS жіберу Пайдаланушы келісімінің ережелерін, ҚР заңнамасын бұзса немесе мағынасыз болса, модераторлар оны шектейді.

SMS тарату науқанын модерациялау қанша уақыт алады?

Модерация 15 минутқа дейін созылады. Жаңа тіркелгілерді модератор тексереді. Ұқсас мәтінді қайта жібергенде модерацияны ЖИ бір секундқа жетпей автоматты түрде жүргізеді.

SMS таратуды тегін қолданып көруге бола ма?

Иә. Тіркелгеннен кейін алғашқы таратылымға балансқа бонус аласыз. Алдын ала төлем қажет емес — тіркелу кезінде Жария офертамен келісетініңізді SMS арқылы растасаңыз жеткілікті.

SMS хабарламаларды компания атымен (Sender ID) таратуға бола ма?

Әдепкі бойынша SMS AUTOCALL.KZ атынан жіберіледі. Жеке Sender ID функциясы әзірленуде — оны абоненттік төлемсіз жұмыс істеу қағидатымызбен үйлестіру қиын. Жақын арада шешеміз.

Абоненттер SMS хабарламаға жауап берсе, олардың жауабын алуға бола ма?

Техникалық тұрғыдан бұл мүмкін, бірақ әзірге жасалмаған. Мұндай функцияға сұраныс болса — міндетті түрде енгіземіз.

Неліктен таратылым құрғанда байланыс деректерімізді көрсетуді талап етеді?

Бұл ұялы байланыс операторларының талабы. Алушыларыңыз таратылымдарыңызға қатысты кез келген уақытта сізбен байланыса алуы керек.

Растау кодын қандай тәсілдермен жіберуге болады?

Төрт тәсіл бар, барлығы бір API арқылы жұмыс істейді — POST /api/v1/otp/{канал}. WhatsApp-та «Кодты көшіру» батырмасы бар хабарлама келеді. Telegram-да кодты Verification Codes ресми боты жібереді. Кодты SMS-пен жіберуге де болады. Кіріс қоңырау арқылы растағанда пайдаланушы API жауабындағы нөмірге өзі қоңырау шалады. Кодтың күйлері, тексеру жолы және вебхук барлық арнада бірдей. Толығырақ растау кодтары бетінен оқыңыз.

Flash Call мен дауыстық кодтарға не болады?

2026 жылғы 20 тамыздан бастап ҚР «Байланыс туралы» Заңының 21-бабының 3-1-тармағы операторларға кодтары бар автоматты қоңырауларды өткізуге тыйым салады, сондықтан 2026 жылғы 1 қарашадан бастап Flash Call және дауыстық кодтар жұмысын тоқтатады. Орнына — кіріс қоңырау: пайдаланушының өзі қоңырау шалады, ал біз Flash Call сияқты жауап бермей қоңырауды үземіз немесе кодты айтып береміз.

Кіріс қоңырау арқылы растау қалай жұмыс істейді?

Сұрауға жауап ретінде call_to нөмірін аласыз да, оны пайдаланушыға көрсетесіз. Ол өз телефонынан қоңырау шалады, ал біз нөмірді растаймыз. Төрт нұсқа бар: маяк — жауап бермей үземіз, пайдаланушы үшін тегін; тыңдау — кодты айтып береміз; теру — пайдаланушы көрсетілген кодты пернетақтада тереді; айту — кодты немесе сөзді дауыстап айтады.

Растау коды қанша тұрады?

Ең төменгі баға тарифке байланысты: кіріс маяк-қоңырау — 2 ₸, Telegram — 7 ₸, WhatsApp — 11 ₸, SMS — 18.95 ₸. WhatsApp пен Telegram үшін тек жеткізілген кодтарға ақы аламыз.

Пайдаланушыда WhatsApp немесе Telegram болмаса ше?

Telegram бірден 422 no_telegram қатесін қайтарады, ақша алынбайды. WhatsApp кейінірек хабарлайды — failed мәртебесі және no_whatsapp себебі бар вебхукпен. Кодты басқа арнамен жіберіңіз: SMS немесе кіріс қоңырау арқылы.

Кодтың жеткізіліп, расталғанын қалай білуге болады?

Сұрауда немесе тіркелгі баптауларында callback_url мекенжайын көрсетіңіз: мәртебе әр өзгерген сайын (sent, delivered, read, verified, expired, failed) otp нысаны бар POST келеді. Енгізілген кодты тексеру — POST /api/v1/otp/{id}/check. Барлық кодтар мәртебелерімен бірге кабинеттегі «OTP» бөлімінде көрінеді.

ЖИ-агенттің кәдімгі автоматты қоңыраудан айырмашылығы неде?

Қарапайым автоматты қоңырау жазылған хабарламаны ойнатады немесе қоңырау сценарийі бойынша жүруді ұсынады. ЖИ-агент шынайы әңгіме жүргізеді: әңгімелесушінің сөзін естиді және түсінеді, мағыналы жауап береді, нақтылау сұрақтарын қояды және нәтижені тіркейді. Шын мәнінде — 24/7 жұмыс істейтін виртуалды оператор. ЖИ-агенттер қиын жағдайлардан оңай шығады, суырыпсалмалық танытады, әр сөзді "қазбалайды" (заң аясында) және интерактивті науқандардағы сценарийлермен салыстырғанда жоғарырақ конверсия бере алады. Абоненттер ЖИ-агенттермен сөйлескенде жиі таңырқайды (дауысы сәл роботқа ұқсайтын сияқты, бірақ робот үшін күдіктенерліктей ақылды) және соның арқасында әңгімеге көбірек тартылады.

Жүйенің негізінде қандай модель жұмыс істейді?

Біз дыбысты тікелей қабылдайтын омни модельдерді пайдаланамыз. Бұл үйреншікті «сөйлеуді таныдық → мәтінді нейрожеліге жібердік → жауапты синтездедік» схемасынан маңызды айырмашылық: агентіміз дыбыспен тікелей жұмыс істейді, сондықтан интонацияны, кідірістерді және сөз бөлуді естиді, ал жауапты кідіріссіз дерлік береді. Модельді таңдаудың қажеті жоқ — орыс және қазақ тілдерінде ең сапалы әңгіме беретін модельді өзіміз ұстаймыз және жаңа нұсқалар шыққан сайын жаңартып отырамыз.

ЖИ-агент қай тілде сөйлей алады?

Орыс және қазақ тілдерінде, әрі әңгіме ортасында тілді ауыстыра алады: орысша бастадыңыз, әңгімелесуші қазақшаға көшті — агент те соңынан көшеді. Ағылшын тілін де түсінеді. Айтылымы қазақстандық, «дикторлық» акцентсіз: Дәурен немесе Айгерім сияқты есімдерді дұрыс оқиды.

ЖИ-агентті қалай құруға болады?

Жеке кабинетте «Агенттер» бөлімі бар. Құру — үш қадам: қолжетімді 30 дауыстың бірін таңдаңыз, агентке ат қойыңыз және оның не істеуі керегін чатта қарапайым сөзбен түсіндіріңіз. Ешқандай бағдарламалау мен блок-схема жоқ: сіз міндетті сипаттайсыз, ал көмекші одан әңгіме сценарийін өзі құрастырады. Скриншоттары бар толық нұсқаулық — бөлек бетте.

Науқанды іске қоспас бұрын агентті тыңдап көруге бола ма?

Иә, агентті алдын ала сынап көрген жөн. Агентті өңдеу бетінде «Тексеру» батырмасын басыңыз. Агент браузеріңізге қоңырау шалады, оған әдеттегі абонент сияқты жауап бере аласыз. Содан кейін сөйлесу мәтінін, агент жинаған деректерді және ол қандай SMS жіберетінін көресіз. Сынақ қоңыраулары тегін.

ЖИ-агент сөйлесуден басқа не істей алады?

Үш нәрсе. Біріншісі — деректер жинау: сіз қандай өрістер керек екенін айтасыз (қала, мекенжай, сатып алуға дайындық), агент оларды әңгіме барысында толтырады, ал сіз кейін кестені Excel файлына жүктеп аласыз. Екіншісі — әңгімелесуші толығырақ сұраса, алдын ала келісілген мәтінмен SMS жіберу. Үшіншісі — әңгіме барысында GET немесе POST сұрауымен серверіңізге жүгіну: балансты, тауардың бар-жоғын, өтінім мәртебесін тексеріп — жауабын әңгімелесушіге айтып беру.

ЖИ-агенттермен жүргізілетін науқандарда сөйлесулер өте ұзаққа созылып, қымбатқа түседі. Мұның алдын қалай алуға болады?

ЖИ-агентпен сөйлесу шынымен де қатаң бағдарламаланған сценарий бойынша қоңыраудан әдетте ұзағырақ болады. Себебі ЖИ-агенттің өзі өте қызықты әңгімелесуші - ол әзілдей алады (кейде тіпті өте сәтті), комплимент айта алады, кейде әңгімеге өте қызық философиялық тақырыптарды "соғып" жібереді - мұның бәрі абоненттерден қажетті ақпаратты алу және сіз қойған міндетті орындау үшін. ЖИ-агенттермен науқандар қымбатқа түспеуі үшін "Сөйлесу ұзақтығының шегі" параметріне сізге қажетті секунд санын қойыңыз. Енді сөйлесу ұзақтығы сіз белгілеген шектен асқанда - ЖИ-агент абоненттен кешірім сұрап, онымен қоштасады (Мысалы, шұғыл кетуі керек екенін немесе нашар естілетінін айтып, кейінірек өздері қайта шалуын сұрайды). Шекті 2 минуттан 10 минутқа дейін қоюға болады — тікелей агент карточкасында.

ЖИ-агентпен қоңырау қанша тұрады?

Ақы секунд бойынша алынады және екі бөліктен тұрады: тарифіңіз бойынша байланыс минуттарының әдеттегі құны және жасанды интеллектпен сөйлесу үшін жеке секундтық мөлшерлеме. Тарифіңізге арналған нақты сандар — Тарифтер бетінде және жеке кабинеттің «Баптаулар» бөлімінде. Тек нақты сөйлескен секундтарыңыз үшін төлейсіз: науқан құрылғанда күтілетін соманы бұғаттаймыз, ал аяқталғаннан кейін қалдығын балансқа қайтарамыз.

Агенттің клиентпен не туралы сөйлескенін оқуға бола ма?

Иә. Әр қоңыраудың сөйлесу мәтінін науқан бетінен ашуға болады. Сол жерден агент жинаған деректерді және жазу қосулы болса, аудиофайлды да табасыз. Бәрін бір батырмамен Excel файлына жүктеп алуға болады.

ЖИ-агент модерациядан өте ме?

Иә, кез келген басқа науқан сияқты. Модератор агент қоңырау шалатын сценарийдің дәл өзін көреді — ол науқан құрылған сәтте бекітіледі және мақұлданғаннан кейін агентті өңдесеңіз де өзгермейді. Бұл сізді де, бізді де қорғайды: бір нәрсе мақұлданып, басқа нәрсе айтылуы мүмкін емес.

CRM жүйесімен интеграцияға арналған API бар ма?

Иә. AutoCall.kz JSON қолдайтын REST API ұсынады. Науқандарды іске қосуға, контактілерді басқаруға, нәтижелерді webhook арқылы алуға және кез келген CRM немесе басқа жүйемен интеграциялауға болады. Құжаттама осында.

Нәтижелерді алу үшін webhook қалай баптауға болады?

Науқан баптауларында серверіңіздің URL мекенжайын көрсетіңіз. Әр қоңыраудан кейін жүйе деректері бар POST сұрауын жібереді: телефон нөмірі, қоңырау мәртебесі, ұзақтығы, басылған батырмалар. Формат — JSON. Толығырақ ақпаратты осы жерден таба аласыз.

Аяқталған науқандар туралы маған SMS хабарландырулар үнемі келеді. Оны қалай өшіруге болады?

Жеке кабинетте: «Баптаулар» → «Хабарландырулар», SMS бағанындағы белгілерді алып тастаңыз.

API үшін кілт-токенді қайдан табуға болады?

Жеке кабинеттің «API» бөлімінде: «Кілт жасау» батырмасын басыңыз. Кілт Authorization: Bearer тақырыбында беріледі. Абай болыңыз: API кілті — құпия ақпарат. Оны үшінші тұлғаларға бермеңіз.

Сізде AmoCRM немесе Bitrix үшін дайын модульдер бар ма?

Өкінішке қарай, бізде amoCrm, bitrix немесе 1c үшін дайын виджеттер мен модульдер жоқ. Бірақ Сізде техникалық мамандар болса, оларға API құжаттамасын мына сілтеме арқылы бере аласыз: wiki.autocall.kz. API арқылы техникалық мамандар CRM немесе кез келген басқа ақпараттық жүйені біздің сервиспен интеграциялай алады

Сервис Қазақстан заңнамасына сәйкес пе?

Иә. AutoCall.kz ҚР заңнамасына сәйкес жұмыс істейді. Хабарламаларды тек заңды жолмен жиналған, клиенттердің келісімі бар өз базаларыңыз бойынша таратуды ұсынамыз.

Клиенттерімнің деректері қалай қорғалған?

Барлық деректер Қазақстан аумағындағы серверлерде сақталады. Пайдаланушы деректері серверге тек қорғалған HTTPS және WSS арқылы беріледі. Ішкі серверлер өзара тек TLS арқылы және интернеттен оқшауланған желіде байланысады. Нөмірлер базасы үшінші тұлғаларға берілмейді және сатылмайды. Барлық деректерді кез келген уақытта жеке кабинеттен жоя аласыз.

Тіркелу кезінде нөмірімді растай алмаймын, себебі менде SIP нөмір. Растап бере аласыздар ма?

Өкінішке қарай, жоқ. Мобильді құрылғылар базасында (БМГ) тіркелген жеке ұялы нөміріңізді пайдаланыңыз. Тіркелу кезінде БМГ тізіміндегі жеке нөміріңізге келген SMS кодымен Пайдаланушы келісімімен келісетініңізді растау керек — бұл міндетті шарт, өйткені сервисті пайдалану абоненттер алдында жеке жауапкершілікті көздейді.

Тіркелу кезінде SMS арқылы код келмейді. Неге?

Нөміріңіздің БМГ тізімінде тіркелгенін және смартфонның желі аумағында екенін тексеріңіз.

Науқаннан кейін клиенттер маған қоңырау шалып, жазып жатыр. Мұның алдын қалай алуға болады?

Абоненттерге өз нөміріңіздің орнына корпоративтік нөмірді бергіңіз келсе, Баптаулардағы "Визитка" бөлімінде байланыс деректеріңізді баптаңыз. Байланыс деректері міндетті түрде шынайы болуы керек. Біздің сервис таратылымдарға арналған анонимді сервис немесе спам сервисі емес. Сіз қоңырау шалған абоненттер - бізге қайта шалып, байланыс ақпаратыңызды әрдайым ала алады.

Абоненттер маған емес, компаниямыздың корпоративтік нөміріне қайта шалуы үшін не істеу керек?

Жеке кабинет баптауларының "Визитка" бөлімінде компанияңыздың байланыс ақпаратын көрсетіңіз.

Маған SMS немесе қоңырау жіберуге келісім бермедім, бірақ сіздің сервис арқылы маған осындай қоңыраулар келеді. Оларды қалай бұғаттауға болады?

Өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілді таңдаңыз:
1. Сізге қоңырау шалған нөмірге қайта шалып, IVR мәзірінде "Осы компаниядан қоңырау алмау" тармағын таңдау.
2. Сізге қоңырау шалған нөмірге қайта шалып, IVR мәзірінде "Маған қоңырау шалған компанияның байланыс деректерін алу" тармағын таңдау. Содан кейін осы компанияға тікелей хабарласу.
3. Сілтеме бойынша өтіп, нөміріңізді растау және компанияға сізге қоңырау шалуға тыйым салу.
Бұл әрекеттер тек қоңыраулар шынымен біздің сервис арқылы жасалған жағдайларға ғана жарайтынын ескеріңіз.

Неліктен тіркелгім бұғатталды?

Сірә, сіз Пайдаланушы келісімінің шарттарын бірнеше рет бұзуға тырыстыңыз.

Досыма науқан арқылы әзіл жасағым келді, модераторлар науқанымды өткізбеді, ал енді тіпті тіркелгімді бұғаттап тастады. Неге?

Өкінішке қарай, Пайдаланушы келісімінің шарттары бойынша азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға не оларды жаңылыстыруға тыйым салынған.

Неліктен модераторлар таратылымымды қабылдамайды?

Әдетте модераторлар пікір қалдырады, оны науқандардың немесе SMS таратудың "Пікір" параметрінен көре аласыз. Таратылымыңыздың ҚР заңнамасын бұзбайтынына көз жеткізіңіз.

Қазір қоңырау мен SMS арқылы алдайтын алаяқтар мен жосықсыз адамдар өте көп. Оларды қандай да бір жолмен бұғаттайсыздар ма?

Иә. Пайдаланушылар мен абоненттердің қауіпсіздігі - сервисіміздің басым міндеттерінің бірі. Өкінішке қарай, мұндай жағдай жиі болады. Сондықтан модераторларымыз барлық таратылымды (науқандар мен SMS) әрдайым тексереді. Ал бұзушылық анықталса - тіркелгілерді қалпына келтіру мүмкіндігінсіз бұғаттайды. Қажет болса, барлық ақпарат тиісті органдарға жеткізіледі.

Таратылымдарым іске қосылмайды. Техникалық қолдау ресми хат талап етеді. Неге?

Таратылымдарыңыздың шынымен белгілі бір ұйымның немесе компанияның атынан жасалатынына көз жеткізуіміз керек. Бұл шаралар қажет, оларды өткізіп жіберуге болмайды.

Неліктен әрекеттер санын үштен артық таңдай алмаймын? Неліктен әрекеттер арасындағы аралықты 1 минут етіп қоюға болмайды?

Біздің сервис спамға арналмаған. Мұндай қорғаныс шаралары абоненттерді тым жиі мазаламауға мүмкіндік береді.

Таратылымдарды және т.б. өзім жасағым келмейді. Мұның бәрін өзі жасай алатын менеджеріңіз бар ма?

Өкінішке қарай, жоқ. Біздің сервис өз бетіңізше жұмыс істеуге арналған онлайн сервис. Бір жерде бірдеңе кеңес беру - иә, бірақ сіздің орныңызға бір нәрсені толық жасап, оған жауап беру - жоқ.

Бірнеше тіркелгі ашуға бола ма?

Сервис ережелері бойынша бірнеше тіркелгі ашуға тыйым салынған.

Тіркелгі қызметтерді қайта сату себебінен өшірілді дегені нені білдіреді?

Пайдаланушы келісімінің шарттарына сәйкес қызметтерімізді үшінші тұлғаларға өз атыңыздан ұсынуға тыйым салынған. Мұндай жағдайда тіркелгіні қалпына келтіру мүмкіндігінсіз бұғаттаймыз.

GOLD тарифін қалай қосуға болады?

Тариф соңғы төлеміңіздің сомасына қарай автоматты түрде қосылады. Төлеміңіз белгілі бір сомадан асса - GOLD тарифі қосылады. Толық ақпарат Тарифтер бетінде көрсетілген.

Тариф қалай қосылады?

Балансты қажетті сомаға толтырғанда тариф автоматты түрде қосылады. Тарифті қолмен ауыстырудың немесе өтінім берудің қажеті жоқ.

Қоңырауға ақы қалай есептеледі?

Ақы әр секундқа есептеледі. Тек байланыс орнаған қоңыраулар үшін төлейсіз. Абонентпен байланыс орнамаса, ақы алынбайды.

Кері қоңырау шалғандардың кіріс қоңыраулары үшін төлеу керек пе?

Жоқ. Абонент тарифте көрсетілген уақыт ішінде өзі кері қоңырау шалса, кіріс қоңырау тегін. Ол науқанға автоматты түрде қосылып, хабарламаны тыңдайды.

Абоненттік төлем бар ма?

Жоқ. Ай сайынғы абоненттік төлем жоқ. Қанша қоңырау шалсаңыз, SMS жіберсеңіз немесе мәтінді дауысқа айналдырсаңыз, сонша төлейсіз.

Пайдаланылмаған баланс жойылып кете ме?

Жоқ. Баланстағы қаражаттың жарамдылық мерзімі жоқ. Шотты толтырып, ақшаны өзіңізге ыңғайлы кезде жұмсай аласыз.

Сервисті тегін байқап көруге бола ма?

Иә. Тіркелген соң балансыңызға бонус түседі. Алдын ала ақша салудың қажеті жоқ. Тіркелгенде жария офертаға келісетініңізді SMS арқылы растасаңыз жеткілікті.

Қандай төлем әдістерін қолдайсыздар?

Жеке тұлғалар Kaspi QR, Visa/Mastercard немесе Apple Pay арқылы төлей алады. ЖК және ЖШС төлем тапсырмалары және компанияның есеп шоттарына аударымдар арқылы төлейді.

Маған қалдықты шығарып алу керек. Неге бас тартады?

Қаражатты шығару - сайт балансындағы қаражатты сіздің картаңызға немесе банк шотыңызға аудару.
Төлемді қайтару - сіз 100 000 тг төледіңіз, ал біз сол 100 000 тг төлемді чек бойынша қайтарамыз, егер сіз оларды сайтта жұмсамаған болсаңыз.
Бізде қаражатты шығару мүмкіндігі жоқ, өйткені әр түсімге салық салынады және жеңілдікті тарифтер қолданылады.
Егер қаражатты жұмсамаған болсаңыз және төлемді қайтарғыңыз келсе: техникалық қолдауға жазыңыз.

GOLD тарифін алдым, қаражаттың небәрі 2-3% бөлігін жұмсадым. Неге қалдықты шығарып ала алмаймын?

Мысал келтірейік. Телефонның әдеттегі бағасы — 100 000 теңге (базалық Bronze тарифі). Сатып алушы 100 телефон алса, көтерме бағамен әрқайсысын 50 000 теңгеден сатуға дайынбыз (жеңілдікті GOLD тарифі). Сатып алушы 100 телефон алуға келісіп, 50 000 × 100 = 5 000 000 теңге төлейді. Бірақ 100 телефонның екеуін ғана алып, қалған 4 900 000 теңгені қайтаруды сұрайды. Біз 4 800 000 теңгені ғана қайтара аламыз: алынған 2 телефон базалық бағамен, әрқайсысы 100 000 теңгеден есептеледі.

Сонда сізде мүлдем қайтару жоқ па?

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға сәйкес біз қайтарымдар жасаймыз, әсіресе техникалық ақаулар салдарынан қызметті сапалы көрсете алмаған жағдайда. Алайда көп пайдаланушы қайтару ұғымын қаражатты/қалдықты шығарумен шатастырады.

Тарифім SILVER болатын, бірақ кенеттен BRONZE болып қалды. Неге? Балансымда 30 000 теңгеден көп бар.

Тариф балансыңыздағы сомаға емес, СОҢҒЫ төлеміңіздің сомасына байланысты. Мысалы:
Соңғы төлеміңіз кемінде 30 000 ₸ болса, SILVER тарифі автоматты түрде қосылады. Одан кейін балансты 200 ₸-ге толтырсаңыз, BRONZE тарифіне ауысасыз. SILVER тарифін сақтау үшін әр төлем кемінде 30 000 ₸ болуы керек.

Қазір тарифім SILVER, бірақ таратылымға 400 тг жетпей тұр. Сонда SILVER тарифін сақтау үшін бәрібір 30 000 тг төлеуім керек пе?

Дәл солай. Балансқа 400 тг салсаңыз, тарифіңіз автоматты түрде BRONZE тарифіне ауысады.

Көрсетілген қызметтерді растайтын құжаттарды қалай алуға болады? Біз заңды тұлға ретінде ақшаны компанияның есеп айырысу шотына аудардық.

Бухгалтериямен байланысу үшін техникалық қолдауға немесе accountant@xtech.kz поштасына жаза аласыз.

Сұрағыңызға жауап таппадыңыз ба?

Бізге Telegram немесе WhatsApp арқылы жазыңыз, міндетті түрде жауап береміз.

Тегін тіркелу →